Қазақ баласы Италияда доп тебеді

Фотография - Қазақ баласы Италияда доп тебеді

 Балғабаевқа Италияда бағын сынау үшін бар мүмкіндік жасалған. Сәті түсіп Әділдің жолы болып кетсе, Апенин түбегінде доп тебетін қазақстандық тұңғыш футболшы болмақ

201 0

Жақында Апенин түбегінен жағымды жаңалық жетті. VeronaSera басылымы Әділ Балғабаевтың Италияда доп тебуі мүмкін екенін хабарлайды.

   Италия футболының қақпасы Қазақстанға ашылды. 17 жастағы Әділ Балғабаев жексенбі күні Италияға келіп, «Б» сериясында үшінші орынға жайғасқан «Верона» клубында сынақтан өтеді. Дүйсенбі күні «Астана» жастар клубының капитаны, жас шабуылшы медициналық тексеруден өтіп, «Верона» клубы мамандарының алдында жаттығу жасайды.

    "Балғабаев 1995 жылы 13 шілдеде дүниеге келген. Ол өз елінде жарық жұлдыздардың бірі саналады. 2010 жылы тамыз айында «Челси» мектебінде тәжірибеден өтіп, «апта ойыншысы» атағына ие болды. 2008 жылы жастар арасындағы Қазақстан біріншілігінде «Үздік шабуылшы» атанды. Трофейді даңқты Мишел Платини табыстаған еді. Сондай-ақ, жастар арасындағы чемпионатта 2009 жылы «Сұрмерген», 2010 жылы «Ең үздік ойыншы» атағына ие болған. Балғабаев Қазақстанның U-17 және U-18 құрамалары сапында ойнап үлгерді. Енді ол өзін Италияда сынап көрмек», — дейді VeronaSera басылымы.

    Әділ Балғабаев – 1995 жылы туылған футболшылардан құралған «Астана» командасының капитаны. Шеберлігінің арқасында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына шақырту алып үлгерді. Әділ Семей өңірінің тумасы. Оның футболға қызығушылығы бес жасынан басталған. 2007 жылы жас талант «Астана» клубына келіп қосылды. Әділ италиялық журналистерге сұхбат беріп те үлгеріпті:

Әділ Балғабаев, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы:

— Осындай мүмкіндіктің туғанына өте қуаныштымын. Мен әрқашан үздік ойыншы атануға талпындым және сол үшін аянбай тер төгіп келемін», дейді жас шабуылшы. «Менің бойымда жетістікке жету үшін көшбасшылық пен тез меңгеру тәрізді қасиеттер жетерлік.

      Балғабаевқа Италияда бағын сынау үшін бар мүмкіндік жасалған. Сәті түсіп Әділдің жолы болып кетсе, Апенин түбегінде доп тебетін қазақстандық тұңғыш футболшы болмақ. «Алтын доп»-тың иесі Фабио Каннаваро тәрізді футбол жұлдыздары бар, Марадонна секілді аңызға айналған тұлғалар доп тепкен Италияда Алаш ұланы доп тепсе, қуаныш емей немене!


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!