Шымкентте волейболдан халықаралық турнир аяқталды

Фотография - Шымкентте волейболдан халықаралық турнир аяқталды

Қоғам қайраткері Қуаныш Төлеметовты еске алуға арналған бәсекеде 14 команданың волейболшылары өзара ептілерді іріктеді

186 0

Қоғам қайраткері Қуаныш Төлеметовты еске алуға арналған бәсекеде 14 команданың волейболшылары өзара ептілерді іріктеді. Олардың арасында өзбекстандықтар да болды. Алғашқы кездесуден бастап-ақ шымкенттіктер алға шықты.

       Төрт күннің ішінде жүлделі орындар үшін волейболшылар күресті. Шешуші матчта Сайрам ауданының «Қарабұлақ» командасы Оңтүстік астаналық құрамамен таласқа түсті. Алматылық «ЦСКА» алғашқы партияда алға шыққандай болды. Алайда алаң қожайындары мықты екенін дәлелдей түсті.

   Қарабұлақтың жастары бұл турнирге жеңіс үшін келген. Бапкердің жоспары да сол. Дегеніне жетті де. Сайрамдықтар кейінгі екі партияны жеңіспен аяқтады.

    Нәтижесінде «Қарабұлақ» командасы бірінші орыннан көрінді. Ал Павлодарлықтар алғашқы үштікті қорытындылады. Бұл жарыс алдағы республикалық бәсекеге іріктеу екенін бапкерлер алға тартады. Енді спортшылар Қазақстан чемпионатына сақадай сай.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!