Гимнасшылар секіруді азайтып, билеуді көбейтеді

Фотография - Гимнасшылар секіруді азайтып, билеуді көбейтеді

Жаңа олимпиадалық циклден бастап көркем гимнасшылар жаңа ережемен жаттыға бастайды. Ең алдымен, төрешілердің ұпай беру үдерісінде біраз өзгеріс орын алды

247 0

Жаңа олимпиадалық циклден бастап көркем гимнасшылар жаңа ережемен жаттыға бастайды. Ең алдымен, төрешілердің ұпай беру үдерісінде біраз өзгеріс орын алды.

    Көркем гимнастикада ұпай беру жүйесі үнемі жаңарып тұратыны жасырын емес. Мә­селен, 2001 жылға дейін гимнасшылар өнері 10 ұпайлық жүйемен бағаланған еді. 2003 жылы әрбір жаттығу үшін, ең көп де­генде, 30 ұпай берілетін болып шешілді. 2005 жылы ең жоғары ұпай 20-ға «тө­мендетілді». Енді гимнасшылар осы жүйеге қайтадан ауысады. Яғни биылдан бастап ең жоғары ұпай 20 болмақ­шы. Ал Лондон Олимпиадасына дейін 30 ұпайлық жүйе қолданылған болатын.

    Бүгінгі таңда 30 ұпайлық көрсеткішке ие болған жалғыз ғана спортшы бар. Ол – екі дүркін Олимпиада чемпионы Евгения Канаева. Чехияның Брно қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде Канаеваның таспа­мен орындаған жаттығуын мамандар өте жоғары бағалаған-ды.

    Ескі ереже бойынша, гимнасшылар тек әуенге ғана билеуші еді. Яғни танымал му­зыка туындыларын сөзімен сүйемел­деуге рұқсат етілмейтін. Тек музыкасы ғана ой­на­тылатын. Енді бұл қағиданың да қа­быр­ғасы сөгіліп, гимнасшылар төрт жатты­ғу­дың бірін сөзі мен әуені толық туынды­ның ырғағында билеуге мүмкіндік алды.

    Айтпақшы, жаңа ережедегі ең басты жаңалық деп би қадамдарының көбей­ті­луін айтамыз. Яғни би қадамдарының кө­бею­імен, көркем гимнастикадағы қиын жат­тығулардың сәл де болса қысқараты­нын бағамдауға болады. Ресей көркем гим­настикасының ханшайымы Ирина Винер бір сұх­батында: «Бұл – бізге қарсы жаса­лып жатқан әрекет. Себебі Ресей гимнас­шы­лары үнемі бас жүлдені жиып алады. Енді би элементтері жиі қолданылатын бол­са, басқа елдің спортшылары үшін жүл­деге таласу мүмкіндігі арта түседі», – деп өкпесін білдірген екен.

    Иә, көптеген жанкүйер де бұл спорт­тан гөрі, би сайысына көп ұқсап кете­ді деп алаңдауда. Алайда халықаралық көркем гимнастика федерациясы қабыл­дай­тын бұл шешіммен ешкімнің таласа ал­масы хақ. Жаңа ережелердің жемісі қан­дай боларын Украина астанасы Киевте өте­тін әлем чемпионатында бағамдаймыз.

    Ал жанкүйерлер секіртпемен (скакал­ка) сайысты көптен көрген жоқ. Көркем гим­настиканың негізгі құралдарының бірі саналатын секіртпені алып тастауға Халық­аралық олимпиадалық комитеттің әріптесі NBC компаниясы себепкер болған деседі. Өйткені секіртпе жіңішке болғандықтан, ат­ал­ған жаттығуды таспаға жазу үлкен қиын­дық туғызған. Бірақ көркем гимнас­ти­ка мамандары «Гимнасшылар биікке секір­мей­тін болды» деп алаңдап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!