Ресей боксшылары алдымызды орауда

Фотография - Ресей боксшылары алдымызды орауда

Бокстан Софияда өтіп жатқан "Странджа 2013" турнирінде бақ сынап жатқан бес қазақ жігітінің екеуі сайысты аяқтады

248 0

Бокстан Софияда өтіп жатқан "Странджа 2013" турнирінде бақ сынап жатқан бес қазақ жігітінің екеуі сайысты аяқтады.

Атап айтар болсақ, 69 келі салмақ дәрежесіндегі Бақытжан Қожабеков екінші кездесуінде ресейлік Ислам Едісұлтановқа есе жіберді. Негізі, жекпе-жек 12:12 есебімен тең аяқталған. Алайда, қосымша көрсеткіштеп бойынша  жеңіс Исламға берілді.

64 келіде Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері атанған Айдар Әмірзақов та ресейлік Раджаб Бутаевқа қарсылық таныта алмай, 8:13 есебімен жеңілді.

Ал, 60 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Ғани Жайлауов шаршы алаң қожайыны Любен Тодоровты 13:5 есебімен тізе бүктірді. Ғанидың ендігі қарсыласы - болгариялық Элиан Димитров.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!