Хоккей: «Барыс» хоккейшілері «Тракторды» екінші рет жеңді

Фотография - Хоккей: «Барыс» хоккейшілері «Тракторды» екінші рет жеңді

 Кеше, ақпанның 22-сі күні  астаналық «Барыс» хоккей клубы түзде «Трактор» командасын екінші рет жеңді.

289 0

 Кеше, ақпанның 22-сі күні  астаналық «Барыс» хоккей клубы түзде «Трактор» командасын екінші рет жеңді.

Бұл ойында Найджел Доус ерекше көзге түсіп, төрт (!) бірдей шайбаның авторы атанды. Хоккейде ондайды «покер» дейді. Н.Доусқа бұндай покерді іске асыруға Брэндон Боченски, Дастин Бойд, Роман Старченко сияқты шайба шеберлері көмектесті. Ал Алексей Литвиненко есепті бесінші шайбаға дейін жеткізді. «Трактор» болса, үш шайбаны қайтара білді. Алайда ары қарай аса алмады. Ойынның қорытынды есебі - 5:3. Енді, ақпанның 25-26-сы күндері осы екі команда Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде тағы екі ойын өткізеді.

Айта кетейік, Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф ойындары аясында екі команда бірнеше кездесу өткізеді. Соның барысында төрт рет жеңіске жеткен команда келесі айналымға өтеді.    


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!