Қазақстаннан шыққан екінші Мария Шарапова

Фотография - Қазақстаннан шыққан екінші Мария Шарапова

 Қазақстандық жас теннисші Мария Шишкинаға АҚШ мамандары екінші Мария Шарапова деген мәртебе берді.  

163 0

 Қазақстандық жас теннисші Мария Шишкинаға АҚШ мамандары екінші Мария Шарапова деген мәртебе берді.

Мария Шишкина Қазақстанда туылып, жеті жасында ата-анасымен бірге Флорида штатына қоныс аударған. Содан оны Ник Боллетьери атындағы теннис академиясына береді. Айта кетейік, бұл академиядан атақты Андре Агасси, Моника Сейлс, Мария Шарапова және Николь Вайдишева сынды үздік теннисшілер тәлім алған.

Мария жасында Эдди Херр атындағы мәртебелі турнирдің жеңімпазы атанды. Академияның басшылары Мария Шишкинаның болашағынан үлкен үміт күтеді.

Американдық компаниялар Мария туралы қысқаметражды фильм түсіріп үлгерген. Бұған дейін апалы-сіңлілі Винус және Серене Уильямс, желаяқ жігіт Усейн Болт және гольфшы Тайгер Вудс туралы түсірілген еді. Солардың жолын берсін дейміз.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!