"Астана арландары" ірі есеппен жеңілді

Фотография - "Астана арландары" ірі есеппен жеңілді

Милан қаласында өткен екеуара кездесу 4:1 есебімен шаршаы алаң иелерінің пайдасына шешілді

163 0

Қазақстандық "Астана арландары" командасының боксшылары итальяндық қарсыластары Dolce & Gabbana Italia Thunder командасынан ойсырай жеңілді.

Милан қаласында өткен екеуара кездесу 4:1 есебімен шаршаы алаң иелерінің пайдасына шешілді. Біздің команда сапынан тек аса ауыр салмақтағы румындық легионер Михай Нистор ғана жеңіске жетті. Ол әйгілі Клименсо Руссоны тізе бүктірді.

Ал, қалған кездесулердің барлығында "арландарға" қарсыластарының мықтылығын мойындауға тура келді. 61 келіде Роман Щегринов Бранимир Сиануовичке жол берсе, 73 келіде сынға түскен Әсет Айсин Мишель Таварестен айласын асыра алған жоқ. Ең жеңіл салмақтағы боксшымыз Елік Әбдіраимов болса Винценцо Пикардиге жеңіліп қалды. Сондай-ақ, "арландар" сапында өнер көрсететін эстондық легионер Айнар Карлсон Абдельхафид Беншаблаға жолберді.

Енді топтық кезеңдегі соңғы кездесуін "Астана арландары" 1 наурыз күні Алматыда German Eagles командасымен өткізеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!