Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова - Бразилия турнирінің екінші ракеткасы

Фотография - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова - Бразилия турнирінің екінші ракеткасы

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Бразилиялық Флорианополисте өтетін WTA Brasil Tennis Cup турнирінің екінші ракеткасы болды

162 0

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Бразилиялық Флорианополисте өтетін WTA Brasil Tennis Cup турнирінің екінші ракеткасы болды.

Vesti.kz хабарлағандай, жарыстардың бірінші ракеткасы WTA рейтингінде 21-інші орында тұрған америкалық теннисші Винус Уильямс болды.

WTA рейтингінде 32-інші орынды иеленіп тұрған Я.Шведова жарыстардың алғашқы айналымында 105-інші ракетка, венгрлік теннисші Мелинда Цинкге қарсы ойнайды.

Сондай-ақ 25 жастағы қазақстандық турнирдің жұптық кездесуінде де өнер көрсетеді. Я.Шведованың серігі испандық спортшы Анабель Медина Гарригес болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!