Дзюдошылардың биігі - 5-і орын

Фотография - Дзюдошылардың биігі - 5-і орын

Өткен демалыс күндері Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан "Гран При" бәсекесі аяқталды

140 0

Өткен демалыс күндері Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан "Гран При" бәсекесі аяқталды.

Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы бұл додада жүлдеге іліккен жоқ. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шеберіміз, әлем чемпионы және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Максим Раков неміс жеріндегі додадан тыс қалды. Қыздар құрамасы да аталған бәсекеге қатысуды жөн көрмепті.

Ұлттық құрама жігіттерінің Дюссельдорфтағы ең ірі көрсеткіші - 5-7 орын ғана. 60 келі салмақта ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшысы Асхат Тельманов қола жүлдеге таласқан.

Өкінішке қарай, топтық кездесуде осы салмақтағы тағы бір өкіліміз Еркебұлан Қосаевтың жолын кескен грузиялық Амиран Папинашвили Асхаттың да алдын орады.

Осылайша, қоладан қағылған Асхат Тельманов 5-і орын иегері атанды.

Ал, 81 келідегі Әзиз Қалқаманұлы өз салмағындағы үздік жетіліктің қатарына енді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!