Арулар - Шымкент шаршы алаңында

Фотография - Арулар - Шымкент шаршы алаңында

Ақпан айының 25 жұлдызында Шымкентте бокстан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

376 0

Ақпан айының 25 жұлдызында Шымкентте бокстан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Осымен тоғызыншы рет өтетін ел біріншілігіне жалпы есебі 286 бұрымды боксшылар қатысады деп күтілуде. Нәзік жұдырық иелері үш топқа бөлініп, өзара мықтыларды анықтамақ. Атап айтар болсақ, ел чемпиондары жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында белгілі болады.

Ішкі біріншілікке қатысушылар арасында Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова мен Азия чемпионы Саида Хасенова және тағы да басқа ірі халықаралық турнирлердің жүлдегерлері бар.

Қазақстан чемпионатының ақтық сыны наурыздың 3-і жұлдызында өтеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!