"Барыс" сүрініп кетті

Фотография - "Барыс" сүрініп кетті

Құрлықаралық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф сериясындағы үшінші ойынында «Барыс» жүрісінен жаңылды

258 0

Құрлықаралық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф сериясындағы үшінші ойынында «Барыс» жүрісінен жаңылды. Қатарынан екі рет жеңіске жетіп желпініп келе жатқан астаналық клуб Челябінің «Тракторынан» 1:3 есебімен ұтылып қалды. Ойын кеше, 25 ақпанда өтті.


Біздің командадан Константин Руденко шайба соқты. «Тракторды» тасын өрге домалатқандар – Константин Панов, Алексей Васильченко және Егор Дугин.

Сөйтіп, екі команда арасындағы жалпы есеп 2-1, «Барыстың» пайдасында. Ертең «Барыс» пен «Трактор» арасында қайтадан кездесу өтеді.

Владимир Крикуновтың шәкірттері турнирдің келесі кезеңіне кезектен тыс өту үшін үйдегі екі ойында да жеңіске жетуі керек болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!