«Сарыарқа» негізгі айналымда топ жарды

Фотография - «Сарыарқа» негізгі айналымда топ жарды

Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсететін "Сарыарқа" ЖХЛ-дың алғашқы кезеңінде чемпион атанды. 52 ойында 115 ұпай жинаған қарағандылықтар плей-офф кезеңінің алғашқы раундында пензалық "Дизельмен" кездеседі

157 0

Жоғарғы хоккей лигасында өнер көрсететін "Сарыарқа" ЖХЛ-дың алғашқы кезеңінде чемпион атанды. 52 ойында 115 ұпай жинаған қарағандылықтар плей-офф кезеңінің алғашқы раундында пензалық "Дизельмен" кездеседі. Бұл туралы ЖХЛ-дың ресми сайты хабарлайды. "Дизель" плей-офф бәсекесіне ең соңғы болып іліккен команда. Краснодарлық "Кубань" клубы "Южный Уралға" сырт алаңда есе жіберген соң, лиганы әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алған "Дизельді" біздің жігіттер негізгі айналымда екі мәрте жеңіп кеткен. "Сарыарқадан" бөлек, Өскеменнің "Қазцинк Торпедосы" да ЖХЛ-дың 1/8 айналымына жолдама алды.

Жоғарғы хоккей лигасы, плейй-офф

"Сарыарқа" - "Дизель"

"Торос" - "Қазцинк Торпедо"

"Южный Урал" - "Ариада Акбарс"

Бұл топтағы кездесулер наурыздың 2,3,6,7,10 күндері өтеді.

"Рубин" - "ХК Саров"

"Нефтяник" - "Молот - Прикамье"

"Спутник" - "Динамо"

"Ермак" - "Лада"

Бұл топтағы кездесулер 3,4,7,8,11 наурыз күндері өтеді.

ЖХЛ-дың плей-офф кезеңінде 3 мәрте жеңіске жеткен команда ширек финалға жолдама алады. Ал, ширек финал, жартылай финал және финалдық сында 4 рет жеңіске жеткен команданың жолы ашық болмақ. Қола медаль үшін матч өткізілмейді. Негізгі айналымда жақсы өнер көрсетіп, жартылай финалда сүрінген командалардың біріне үшінші орын бұйырады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!