Сесиль Каратанчева Мексикада өтіп жатқан турнирдің келесі айналымына шықты

Фотография - Сесиль Каратанчева Мексикада өтіп жатқан турнирдің келесі айналымына шықты

Отандық теннисші қызымыз Сесиль Каратанчева Мексиканың Акапулько қаласында өтіп жатқан "WTA Abierto Mexicano Telcel" турнирінде келесі айналымға шықты

145 0

Отандық теннисші қызымыз Сесиль Каратанчева Мексиканың Акапулько қаласында өтіп жатқан "WTA Abierto Mexicano Telcel" турнирінде келесі айналымға шықты.

Бірінші айналымда 23 жастағы ракетка шебері мексикандық Химена Хермосоны екі сет барысында 6:0, 6:3 есебімен ойсырата жеңді. Осы жерде бір айта кетерлігі, Каратанчева әлемдік рейтингтің 119-орнында тұрса, 21 жастағы Мексика қызы 365-орынға жайғасыпты.

Екінші айналымда Сесиль Каратанчева италиялық Франческо Скьявоне мен америкалық Грэйс Миннің ұтқанымен кездесетін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!