VI республикалық «Самұрық» автожарысы өтеді

Фотография - VI республикалық «Самұрық» автожарысы өтеді

Астанада республикалық «Самұрық» автожарысының жаңа маусымы басталады

207 0

Астанада республикалық «Самұрық» автожарысының жаңа маусымы басталады. Дәстүрлі 80-ге жуық экипаж қатысатын раллидің ең басты ерекшелігі – әуесқой және кәсіпқой спортшылар бірдей өнер көрсетпек.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай бәсекелестік әуесқой спортшылардың біліктілігін арттыруға септігін тигізеді. Осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отырған жарыс Есіл өзенінің бетіне қатқан мұз үстінде өтеді. Республикалық раллидің қалған кезеңдері Алматы, Көкшетау, Өскемен және Алматы қалаларында болады. Ал шешуші финалдық сындар қараша айына жоспарланған.

Тимур ОРАЗАҚОВ, Қалалық автоспорт федерациясының төрағасы:

- Бұл – елімізде жаңадан дамып келе жатқан спорт түрі. Бірақ соған қарамастан жерлестеріміз халықаралық жарыстарда жоғарғы көрсеткіштерге ие болып жүр. Біз осы республикалық дода арқылы спортшылардың тәжірибесін арттыруды көздеп отырмыз. Сонымен қатар әлемдік автожарыстарға қатысатын құраманы іріктейміз.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!