«Қызылжар» футбол клубы жаңа маусымға қызу дайындық үстінде

Фотография - «Қызылжар» футбол клубы жаңа маусымға қызу дайындық үстінде

Бұл бағытта бүгінде жұмыстар да атқарылып жатыр екен.

390 0

Кезінде футболдан Қазақстан Премьер-лигасында тәп-тәуір өнер көрсеткен солтүстікқазақстандық «Қызылжар» командасы соңғы бірер жылда тоқырауға ұшырады десек артық айтпағанымыз. 2009 жылы жалғыз демеушісінен айрылған клуб ел біріншілігіне қосалқы құраммен шығып, салдарынан турнир кестесінің соңғы орнын місе тұтқан болатын.

Осылайша Бірінші лигада үш жыл қатарынан бақ сынаған «Қызылжар» бұл жерде де үлкен нәтижеге қол жеткізе алған жоқ. Алдымен 10-шы, кейін 15-ші, былтыр біріншілікті 11-ші орынмен қорытындылаған. Алайда, команда футболшыларының алдына биыл нақты талаптар мен үлкен мақсат қойылып отыр. Демек, клуб биыл Бірінші лиганың алғашқы бестігіне енуі тиіс. Тіпті, Премьер-лигада қайта өнер көрсетуге талпыныс жасау керек. Бұл бағытта бүгінде жұмыстар да атқарылып жатыр екен.

Өңірдің дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығы Руслан Есенәлиннің айтуынша, команда құрамы Петропавл қаласында өткен жолдастық кездесулер мен оқу-жаттығу жиынынан кейін анықталыпты. Іріктелген футболшылар бүгінде дайындықтарын арттыру үшін Түркияға аттанған.

Бапкерлер мен клуб басшылығында да ауыс-түйіс орын алыпты. «Қызылжарды» биылғы маусымнан бастап халықаралық дәрежедегі төреші Марат Оспанов басқарады. Ал, бас бапкерлікке В.М.Ледовских шақырылған. Білікті маман кезінде «Шахтер», «Ертіс», Астана 1964» клубтарын жаттықтырған болатын. Бұйыртса, «Қызылжарды» да өрге сүйрейтін болады дейді басқарма басшысы өзінің блог тұғырнамасына жазған мәлімдемесінде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!