Чехияны Астанада қабылдаймыз

Фотография - Чехияны Астанада қабылдаймыз

Дэвис кубогы жолындағы жарыстың ширек финалдық бәсекелері қай жерде өтетіні кеше анықталды. Қазақстан теннисшілері Чехия құрамасын 5-7 сәуір аралығында Астанада қабылдайтын болды

187 0

Дэвис кубогы жолындағы жарыстың ширек финалдық бәсекелері қай жерде өтетіні кеше анықталды. Қазақстан теннисшілері Чехия құрамасын 5-7 сәуір аралығында Астанада қабылдайтын болды.


Бұл біздер үшін қуанышты жайт. Себебі чехтар өте азу­лы команда. Олар Дэвис ку­бо­гы жолындағы жарыста мол тә­жі­рибе жинап, талай рет та­быс­ты өнер көрсеткен. Чехия теннисшілері өз тари­хында аталмыш жарыста төрт мәрте топ жарды. Былтырғы жылы да қарсылас шақ кел­тір­мей, бас жүлдені олжа­ла­ды. Бұл күндері олар әлемдік рей­тинг­те екінші орында тұр. Де­сек те, қазақстандықтар 2011 жылы Дэвис кубо­гы­ның 1/8 финалында чехтар­мен күш сынасып, жеңіске жет­кен едік. Сол кезде біздің бұл табысымыз «Сенсация!» деп бағаланды. Енді сол нә­ти­жені қайталауға тиіспіз. Егер Астанада өтетін кез­де­суде бағымыз жанып, жарты­лай финалға жолдама алып жат­сақ, онда бұл ел спорты тари­хындағы теңдессіз оқи­ға­лардың бірі әрі бірегейі бо­­лары анық.

Естеріңізге сала кетейік, Дэвис кубогының 1/8 фи­налында Қазақстан құрамасы Австрияны 3:1 есебімен ұт­қан. Чехия дәл сондай есеп­пен Швейцарияны қапыда қалдырды. Айтулы қос ко­ман­дадан бөлек, ширек фи­налда Канада мен Италия, АҚШ пен Сербия және Ар­гентина мен Франция құра­ма­лары күш сынасады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!