«Астана» велошабандозы Малайзияда топ жарды

Фотография - «Астана» велошабандозы Малайзияда топ жарды

«Астана» командасының италиялық шабандозы  Андреа Гуардини «Лангкави турының» жетінші кезеңінде жеңімпаз атанды

239 0

«Астана» командасының италиялық шабандозы  Андреа Гуардини «Лангкави турының» жетінші кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталы.

«Маусым басынан жеңіске жету маған кәдімгідей қиын соққаны рас. Ал бүгінгі табысымнан соң басым көкке бір елі жетпей тұр десем, артық айтқаным емес шығар. Мен өзімнің және команданың бүгінгі бабы жоғары деңгейде екеніне күмән келтіре алмаймын. Барлығы төгілген тердің жемісі», - деді Гуардини жарыс аяқталысымен.

Astana Pro Team шабандоздары Руслан Тілеубаев пен  Асан Базаевтың Гуардинидің алдыңғы шепте болуына аянбай еңбек етті. Әсіресе соңғы 10 шақырымда теңізден соққан желден қорғауда олардың атқарған жұмысын айтып жеткізу қиын.

«Базаев мені соңғы 5 шақырымнан 2 шақырымға дейін  алға сүйресе, 500 метрлік көрсеткішке дейін бұл жұмысты Руслан Тілеубаев атқарды. Жел оң жақтан соғып тұрды, сондықтан мен Orica Greenedge шабандозын ықтауды жөн санадым. Ал мәреге 200 метр қалғанда мен шабуылымды сол жақтан бастадым. Өз уақытында, өз орнымды таңдай білудің арқасында  бүгін жеңіске жеттік», - деді Гуардини.

Astana Pro Team Спорттық директоры  Яан Кирсипуу, бүгінгі жарыс күнін жиналыстан бастағанын айтады.

«Таңертең барлығымыз бас қосып, алдағы жарыс күнін талқыладық. Біз Малайзияға жеңіс үшін келдік, ал біз тек  жүлделі орындардан көрінуге шамамыз жетті. Әрине, бүгінгі жеңістен кейін көңіл күйіміз көтеріліп, соңғы үш кезеңде Гуардинидің жеңісі жалғасын табады деген сеніміміз күшейді. Команданың әр бір мүшесі бүгінгі нәтиженің іске асуына аянбай тер төкті», - деді Кирсипуу.

«Лангкави туры», 7 кезең. Куантан - Дунгун, 149.8 шақырым

1. Андреа Гуардини (Италия, «Астана»)

2. Франческо Чиччи (Италия, «Vini Fantini - Selle Italia»)

3. Айдис Круопис (Литва, «Orica Greenedge»).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!