Балотелли өзіне арнап ескерткіш орнатпақ

Фотография - Балотелли өзіне арнап ескерткіш орнатпақ

"Супер Марио" атанып үлгерген Марио Балотелли адамзат тарихында мәңгі есте қалу үшін өзіне арнап бар-жоғы 22 жасында ескерткіш орнатпақ

171 0

"Супер Марио" атанып үлгерген Марио Балотелли адамзат тарихында мәңгі есте қалу үшін өзіне арнап бар-жоғы 22 жасында ескерткіш орнатпақ. Бұл туралы Football Italia хабарлайды.

"Милан" футболшысы жергілікті суретшілердің біріне өтініш жасап үлгеріпті. Айтуы бойынша, ескерткіште бүкіл бойы қамтылуы және қоладан құйылуы тиіс екен. Ал композициялық түзіліміне келсек, онда Еуропа чемпионатының жартылай финалында Германия құрамасына соққан екінші гол сәтіндегі тойлау қуанышы көрініс таппақ.

Айтпақшы, ескерткіштің көшірмесін жасатып, оны Брешиядағы өз үйінің алдына қоймақшы.

Бүгінгі таңда Балотеллиден алғы төлем (аванс) алған суретші Ливио Скарпелла жұмыс барысына қызу кірісіп кеткенге ұқсайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!