Бүгін «Барыс» ХК «Трактормен» бесінші рет кездеседі

Фотография - Бүгін «Барыс» ХК «Трактормен» бесінші рет кездеседі

«Барыс» хоккей клубы түзде «Трактор» командасымен кездеседі.

200 0

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф ойындары аясында бүгін «Барыс» хоккей клубы түзде «Трактор» командасымен кездеседі.

Челябі қаласында өткен бұған дейінгі екі ойында «Барыс» хоккейшілері жеңіске жетіп, екі ұпай олжалаған болатын. Алайда, өз алаңында өткізген екі кездесуде де ұтылып қалды. Соның арқасында «Трактор» ұпай санын теңестіріп алды. Жалпы есеп - 2:2. Плей-оффтың ережесіне сәйкес, келесі айналымға өту үшін төрт рет жеңіске жету керек. Демек, «Барыс» тағы екі ойында қарсыласынан басым түсуі тиіс.

Айта кетейік, бүгінгі ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «Астана» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.    


Тегтер:

Барыс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!