Қазақ бокысшылары Германияда қолғап түйістіреді

Фотография - Қазақ бокысшылары Германияда қолғап түйістіреді

5 науырызда Германияның Галле қаласында «кіші әлем чемпионатына» баланатын «Галле кубогы» атты халықаралық турнир басталады

248 0

5 науырызда Германияның Галле қаласында «кіші әлем чемпионатына» баланатын «Галле кубогы» атты халықаралық турнир басталады. Аталмыш додада қазақ бокысшылары да бақтарын сынап көрмек, деп хабарлайды Alaman.kz ұлттық спорт порталы.

Белгілі болғандай ел намысын неміс жерінде ұлттық құрама мүшелері Біржан Жақыпов, Мерей Ақшалов, Берік Әбдірахманов және Антон Пинчук қорғайды.


Осымен 40-шы рет ұйымдастырып отырған додаға Қазақстанмен қатар әлемнің бокысы дамыған Ресей,Қытай,Украина,Бразилия сынды елдері де қатысады. Жарыс жеңімпаздары науырыздың онында анықталады

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!