"Барыс" қатарынан үш рет жеңілді

Фотография - "Барыс" қатарынан үш рет жеңілді

Құрлықтық хоккей линасындағы плэй-офф кезеңін сәтті бастаған қазақстандық "Барыс" қатарынан үш рет жеңілуге мәжбүр болды. Челябинсктен келген "Трактор" командасына Астанада екі рет жол берген хоккейшілеріміз кеше сырт алаңда осы командадан тағы да жеңілді. Есеп - 6:3

155 0

Құрлықтық хоккей линасындағы плэй-офф кезеңін сәтті бастаған қазақстандық "Барыс" қатарынан үш рет жеңілуге мәжбүр болды. Челябинсктен келген "Трактор" командасына Астанада екі рет жол берген хоккейшілеріміз кеше сырт алаңда осы командадан тағы да жеңілді. Есеп - 6:3.

Челябинскіде өткен кешегі кездесуде астаналықтар алғашқы кезеңде есеп ашатын бірқатар мүмкіндіктерге ие болған. Алайда шайба бірде қақпадан қиыс кетсе, тағы бірде "Тракторды" қақпашы құтқарып қалды. Тек кезеңнің соңғы минуттарында ғана Брэндон Боченский Майкл Гарнеттадан айласын асырып, есепті аша алды.

Мұнан кейін алаң иелері есін жиып, "Барыс" қақпасына шайбаны қарша боратты. Қорытынды есеп - 6:3.

Ал, жалпы есепке келер болсақ, "Трактор" ойыншылары 3:2 есебімен алда тұр. Қос команда арасындағы келесі алтыншы ойын ертең, 3 наурыз күні Астанадағы мұз айдынында өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!