WSB додасының финалы Қазақстанда өтуі мүмкін

Фотография - WSB додасының финалы Қазақстанда өтуі мүмкін

Біз Бүкіләлемдік бокс сериясының биылғы финалдық додасын қабылдауымыз мүмкін. Әлі ешнәрсе нақтыланған жоқ. Алайда, Алматы мен Астана  финалды өткізуге үмітті қалалардың қатарында бар

231 0

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенін бетке алған жанкүйерде шек болмады. Маусым басталған тұста атшаптырым аумағы бар спорт сарайының жартысынан көбі бос тұратын. Тіпті, бір сөзінде бас бапкер Сергей Корчинскийдің өзі: "Зал әлі толмады ғой" деп, назын жеткізген. Алайда, көктемнің алғашқы күнінде боксшылар қолдаусыз қалған жоқ. Ал, "Астана Арландарының" бас менеджері Болат Манкенов қазақ жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалықтың шетін шығарды.

"Біз Бүкіләлемдік бокс сериясының биылғы финалдық додасын қабылдауымыз мүмкін. Әлі ешнәрсе нақтыланған жоқ. Алайда, Алматы мен Астана  финалды өткізуге үмітті қалалардың қатарында бар" деген клуб директоры бүгінгі жеңіспен қазақ жанкүйерлерін де құттықтауды ұмытқан жоқ.

"Астана арландары" плей-офф додасына жолдама алды. Наурыздың 22-24 аралығында өтетін додада асығымыз алшысынан түссін дейміз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!