Қарағандылық конькиші Е.Айдова Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті

Фотография - Қарағандылық конькиші Е.Айдова Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті

Әлем кубогы кезеңінің «В» дивизионында 500 метр қашықтыққа жүгіруден жеңіске жетті.

153 0

Қарағандылық Екатерина Айдова Германияның Эрфуртінде өткен конькимен жүгіру спорты бойынша Әлем кубогы кезеңінің «В» дивизионында 500 метр қашықтыққа жүгіруден жеңіске жетті.

Бұл туралы Қарағанды облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«В» дивизионында 500 метрге жүгіруден жеңіске қазақстандық спортшы Екатерина Айдова жетті, екінші орында - ресейлік Екатерина Лобышева, үшіншіде - Нидерланды спортшысы Энис Дас», - делінген таратылған баспасөз хабарламасында.

Айдованың жаттықтырушысы - Сергей Лоскутников.

1. Екатерина Айдова (Қазақстан) - 39.00

2. Екатерина Лобышева (Ресей) - +0.41

3. Энис Дас (Нидерланды) - +0.41.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!