«Сарыарқа» пензалық «Дизельді» жеңді

Фотография - «Сарыарқа» пензалық «Дизельді» жеңді

Плей-офф кезеңінің алғашқы матчында «Сарыарқа» пензалық «Дизельді» жеңді

121 0

Жоғары хоккей лигасының плей-офф кезеңінің бірінші матчында қарағандылық «Сарыарқа» пензалық «Дизельді» 4:2 есебімен жеңді, деп хабарлады «Сарыарқа» хоккей клубының баспасөз қызметінен.

«Бүтін Қарағанды Жоғары хоккей лигасының плей-офф кезеңін тағатсыздана тосты. Матчқа бірнеше сағат қалғанда қалада «Сарыарқаның» жанкүйерлері сүйікті командаларын қолдау мақсатында автожорық ұйымдастырды. Ленталармен, жалаушалармен және клубтың түстерін білдіретін әуе шарларымен безендірілген көліктер жол полициясының ілесуімен Қарағанды көшелерімен жүріп өтті», - делінген таратылған хабарламада.

Ойынның үшінші кезеңінде есеп «Сарыарқаның» пайдасында - 3:1 болды. «Қонақтар ойынды құтқармаққа әрекеттенді, бірақ қолдарынан келмеді. Онымен қоса, үшінші жиырма минуттың соңғы жеті минутында «Дизельдің» қақпасына төртінші шайба түсті, - деп хабарлады «Сарыарқаның» баспасөз қызметінен.

Бұдан кейін «Дизель» бір шайбаны қайтара алды, бірақ матч  «Сарыарқаның» пайдасына 4:2 есебімен аяқталды.

Бүгін Қарағандыда «Қарағанды Арена» мұз алаңы сарайында «Сарыарқаның» «Дизельмен» екінші ойыны өтеді.

Командалар басты марапат - Братина кубогы үшін күресуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!