«Барыс» өз алаңында «Трактордан» басым түсті

Фотография - «Барыс» өз алаңында «Трактордан» басым түсті

Кеше, 3 ақпанда астаналық «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Трактор» командасын жеңіп, таразы басын теңестірді

174 0

Кеше, 3 ақпанда астаналық «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Трактор» командасын жеңіп, таразы басын теңестірді.

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф ойындары аясында «Трактормен» алты рет кездескен «Барыс» хоккейшілері бұған дейін екі рет ұтып, үш рет қатарынан жеңілген болатын. Келесі айналымға өту үшін «Тракторға» кешегі ойында жеңіп, тағы бір ұпайды олжалауы керек еді. Алайда «Барыс» беріскен жоқ. Ойынның екі  кезеңінде қарсыластар алға шықса да, астаналық хоккейшілер таразы басын теңестіріп отырды. Ал үшінші кезеңде Талғат Жайлауовтың тамаша пасын шебер қолдана білген Федор Полищук өз командасын алға шығарды. Есеп 3:2. Осыдан кейін біздің хоккейшілер қорғанысқа көшті.  Ал «Трактор» адуынды шабуылдарын үдетті. Бірақ «Барыстың» қорғаныс шебін бұза алмады. Жас қақпашы Павел Полуэктов та қарсыластардың шайбаларын шебер ұстай білді. Ойынның соңғы минуттарында «Трактор» өз қақпасын бос қалдырып, алтыншы ойыншыны шығарды. Сол-ақ екен, «Барыстың» шабуылшысы Найджел Доустың алыстан бағыттаған соққысы «Трактордың» қақпасына дәл тиді. Есеп 4:2. Осы ойыннан кейін екі команданың жалпы ұпай саны теңесті - 3:3. Наурыздың 5-сі күні Челябі қаласында өтетін ойында плей-оффтың жеңімпазы анықталады.  


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!