«Шахтер» - Қазақстан суперкубогының иегері

Фотография - «Шахтер» - Қазақстан суперкубогының иегері

 Кеше «Астана Арена» стадионында өткен ойында қарағандылық «Шахтер» командасы «Астананы» жеңіп, Қазақстан суперкубогының иегері атанды

135 0

 Кеше «Астана Арена» стадионында өткен ойында қарағандылық «Шахтер» командасы «Астананы» жеңіп, Қазақстан суперкубогының иегері атанды.

Бұл ойында алдымен «Шахтер» есеп ашып, 2:0-ге дейін апарды. Дегенмен «Астана» футболшылары доп айырмашылығын қысқарта білді. Ал, ойынның 90-шы минутында тағы бір гол соқты. Есеп - 2:2. Осыдан кейін қосымша уақыт берілді. Онда «Шахтердің» жолы болды. Жамбыл Көкеев екі қорғаушыны алдап өтіп, қақпашыны қапы қалдырды. Есеп - 3:2.  Тартысқа толы ойында бағы жанған қарағандылық «Шахтер» командасы Қазақстан суперкубогының иегері атанды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!