Алексей тағы да қола жүлдегер

Фотография - Алексей тағы да қола жүлдегер

Италияда шаңғы спортынан әлем чемпионаты аяқталып, Алексей Полтораниннің жүлде қоржыны тағы бір қоламен толықты

209 0

Италияда шаңғы спортынан әлем чемпионаты аяқталып, Алексей Полтораниннің жүлде қоржыны тағы бір қоламен толықты. 50 шақырымға классикалық әдіспен  жүгіруде Алексей Полторанин мәре сызығын үшінші болып кесті. Марафон жеңімпазы болып швециялық Йохан Олссон танылды. Ол топтан қара үзіп кеткен болатын. Екінші орында швейцариялық Дарио Колонья. Ал, үшінші сатыда ресейлік Александр Легковты басып озған Алексей Полторанин. Он сегіз жыл жүлде көрмеген қазақ шаңғы спортына атын алтын әріптермен жазған Алексе Полторанинді жеңісімен құттықтаймыз! Жалпыкомандалық есепте 8 алтын алған Норвегия құрамасы көш бастады.

50 шақырым. Марафон. Классикалық әдіс.

1. Йохан Олссон (Швеция) - 2:10.41.4

2. Дарио Колонья (Швейцария) - + 12.9

3. АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН (ҚАЗАҚСТАН) - +16.8


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!