Екі дүркін Олимпиада чемпионы аштық жариялап жатыр

Фотография - Екі дүркін Олимпиада чемпионы аштық жариялап жатыр

Халықаралық Олимпиада комитетінің бағдарламадан күресті алып тастау туралы шешіміне қарсылық танытқан екі дүркін Олимпиада чемпионы Армен Назарян аштық жариялап жатыр

215 0

Халықаралық Олимпиада комитетінің бағдарламадан күресті алып тастау туралы шешіміне қарсылық танытқан екі дүркін Олимпиада чемпионы Армен Назарян аштық жариялап жатыр. 

«Мен Халықаралық Олимпиада комитетінің бұл шешіміне қарсымын. Күрес әрқашан олимпиада бағдарламасында болған, енді оны алып тастау ақылға сыймайды» дейді Ресей күрес федерациясының сайтындағы сұхбатында. Арменнің бұл наразылығына Болгарияның еркін күрестен ұлттық құрамасының бас бапкері қосылмақ. Назарян 22 наурызға дейін, яғни Тбилисидегі күрестен Еуропа чемпионаты басталғанға дейін тек жеміс суын ғана ішетінін айтты.

Армен Назарян 1996 жылы Армения атынан Атланта Олимпиадасының алтынын, 2000 Болгария ұлттық құрамасының сапында Сидней Олимпиадасының чемпионы атанды. Сондай-ақ, 6 рет әлем чемпионы, 6 рет Еуропа чемпионы атанған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!