Жыл үздіктері анықталды

Фотография - Жыл үздіктері анықталды

Астанада 2012  жылдың үздік спортшыларын марапаттаған Олимпиадалық бал аяқталды. Салтанатты жиын барысында қазақ елі үшін сәтті аяқталған Лондон додасының қаһармандары мен олардың бапкерлері және журналистер қауымы басты назарда болды

358 0

Астанада 2012  жылдың үздік спортшыларын марапаттаған Олимпиадалық бал аяқталды. Салтанатты жиын барысында қазақ елі үшін сәтті аяқталған Лондон додасының қаһармандары мен олардың бапкерлері және журналистер қауымы басты назарда болды.

"Жылдың үздік спортшысы" аталымында Лондон Олимпиадасының чемпиондары Серік Сәпиев, Илья Ильин, Александр Винокуров, Ольга Рыпакова, Майя Манеза, Зүдфия Чиншанло, Светлана Подобедова мен Олимпиада жүлдегерлері Әділбек Ниязымбетов, Ақжүрек Таңатаров, Иван Дычко, Гүзел Манюрова және Марина Вольновалар жеңімпаз ден танылды.

"Жылдың үздік бапкері" номинациясында Алексей және Виктор Ни, Тойшан Бектеміров, Сергей Кручина (А. Винокуров бапкері), Сергей Алексеев (О. Рыпакова бапкері), Александр Стрельников (С. Сәпиев бапкері), Марат Жәкиев (Ә.Ниязымбетов бапкері), Марат Тұрлыханов (Д. Гаджиев бапкері), Берік Маржықпаев (М. Вольнова бапкері), Сәкен Аязбеков (Г. Манюрова бапкері), Владимир Шайрер (И. Дычко бапкері) және Әділет Сарыбаев (А. Таңатаров  бапкері) есімді бапкерлер марапатталды.

"Үздік спорттық ұйымдар" номинациясында ҚР ауыр атлетика федерациясы, Қазақстан бокс федерациясы және ҚР Велосипед спорт федерациясы үздік деп танылды.

"Үздік спорттық аймақтар" қатарында Алматы, Қызылорда және Қарағанды облыстары бар.

"Жылдың меценаты" атағын "Самұрық - Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры иеленді.

Олимпиадалық жиында үздік спорт журналистеріне тағайындалатын Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлық иегерлері анықталды. "Қазақ спорты" газетінің бас редакторы Төлеубек Қадырмолла, "Егемен Қазақстан" газетінің спорт журналисі Алмас Манап және "Хабар" арнасының тілшісі Галина Полеваялар үздік спорт журналисі атағын жеңіп алды.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!