Автожарыстан Қазақстан чемпионатының ашық кезеңі өтті

Фотография - Автожарыстан Қазақстан чемпионатының ашық кезеңі өтті

Солтүстік Қазақстанда автожарыстан Қазақстан чемпионатының ашық кезеңі өтті.

168 0

Солтүстік Қазақстанда автожарыстан Қазақстан чемпионатының ашық кезеңі өтті.

Жарыс жолына Көкшетау, Қызылжар, Омбы қалаларынан барлығы 13 көлік шықты. Күннің суығына қарамастан жарысты тамашалауға жиналғандар қарасы көп.

Сайыс алдындағы соңғы дайындық. Бірі майын құйып, тежегіштің тегеурінін байқаса, екіншісі темір тұлпарларын қыздырып жатыр. Көліктердің дені кеңестік кезінде шығарылған.

Владимир ЖУКОВЕНЬ, облыстық авто-мотоспорт федерациясының вице-президенті:

- Бұл кәсіби спорт түрі. Сондықтан қатысушыларға қойылатын шарт та жоғары. Көліктер барлық техникалық талаптарға толық жауап беруі тиіс.

Шаршы топқа түскен машиналардың қарапайым көліктерге қарағанда мүмкіндіктері анағұрлым жоғары. Мәселен, осындай жарыстарға лайықталып құрастырылған мына ескі «Жигулидің» күші - 180 жылқыға тең.

Евгенидің жасы он жетіде. Жастайынан көлікке құмар. Жас жүргізушінің тиісті құжаты да жоқ. Оның үстіне, бұл оның алғашқы жарысы. Анасы жылдамдықтан қорықса, әкесі жігерін қамшылап аламанға қосты.

Евгений КОМОВ, жарысқа қатысушы:

- Өзімді ғарыш кеңістігіне шығатындай сезініп тұрмын. Сөзбен айтып жеткізу қиын. Бірінші болмасам да, бәйгеге түсудің өзі қызық.

Мәре сызығынан оқ бойы суырылып шыққандары бірден алға озды. Төрт айналым бойы жолдағы текетірес бір сәтке болсын тоқтаған емес. Тіпті, бір - бірімен соқтығысып, кей көліктер қар құрсауында қалды.

- Көлік жарысы маған өте ұнайды. Сондықтан мұндай сайыстарды қалт жібермеуге тырысамын. Өте қызық.

Сонымен жарыстың шешуші айналымы. Оған өз топтарында алдына жан салмаған жүргізушер ғана жолдама алды. Тартысты кезеңнің мәре сызығын омбылық Игорь Усов кесті.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!