Алекс Фергюсон: "Реал" бізге гол соғады

Фотография - Алекс Фергюсон: "Реал" бізге гол соғады

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері сэр Алекс Фергюсон Чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясында өтетін «Реалға» қарсы ойында өз қақпасын голдан сақтап қала алады деп ойламайды

78 0

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері сэр Алекс Фергюсон Чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясында өтетін «Реалға» қарсы ойында өз қақпасын голдан сақтап қала алады деп ойламайды.

Сәрсенбі күні кешкісін «Юнайтед» пен «Реал» командалары «Олд Траффордта» Чемпиондар Лигасының ширекфиналына өтуге күш сынасады. Естеріңізге сала кетсек, аталған командалардың Мадридтегі ойыны 1:1 есебімен аяқталған болатын.

«Юнайтедтің» голсыз тең ойын өткізу негізі болғанымен, Фергюсон қарсыластан қорықпайтынын және шабуылды шабуылмен қайтаруға дайын екенін айтты.

"Меніңше, екі команда да гол соғады. Тек біз олардан көбірек гол саламыз деп үміттенемін".

«Біз расында да жақсы ойнап келеміз – әр ойыншы пайда әкеледі. Команда ойыншылары жақсы көңіл-күйде. Сондықтан кейбір футболшыларды құрамнан тыс қалдыру маған қиынға түсіп жатыр», - дейді Фергюсон BBC-ге берген сұхбатында.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!