Теннисшілеріміздің талпынысы жақсы

Фотография - Теннисшілеріміздің талпынысы жақсы

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA-дың жаңартылған нұсқасында 19-сатыға жоғарылады. Ол бүгінде WTA тізімінің 223-сатысына орналасқан

161 0

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA-дың жаңартылған нұсқасында 19-сатыға жоғарылады. Ол бүгінде WTA тізімінің 223-сатысына орналасқан.

Ал еліміздің бірінші ракеткасы Ярослава Шведова өзінің 34-сатысын сақтап қалыпты. Жаңартылған нұсқада Ксения Первак пен Юлия Путинцева үш-үш сатыдан төмен сырғыған. Олар бүгінде 93 және 94-орында. Ал Галина Воскобоева екі саты жоғарылып, 105-орыннан 103-орынға көтерілген.

Жалпы, бұл аптада WTA кестесінің алғашқы ондығында ешқандай өзгеріс жоқ. Бірінші орында АҚШ елінің теннисші қызы Серена Уильямс, екінші сатыда беларусь - Виктория Азаренко, үшінші сатыда ресейлік - Мария Шарапова орналасқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!