Емельяненко ұшақта жанжал шығарғаны үшін айыппұл төлейді

Фотография - Емельяненко ұшақта жанжал шығарғаны үшін айыппұл төлейді

 Федор Емельяненконың інісі Александр 14 желтоқсанда мас күйінде ұшақта жанжал шығарғаны үшін 700 рубль айыппұл төлейтін болды.

182 0

Ережесіз жекпе-жектен талай жарыстарда жеңіске жеткен атақты Федор Емельяненконың інісі Александр 14 желтоқсанда мас күйінде ұшақта жанжал шығарғаны үшін 700 рубль айыппұл төлейтін болды. Спортшы осы әрекеті үшін M1 Global компаниясымен келісім-шартын үзісіп, желтоқсан айында спорттағы карьерасын аяқтаған болатын. 

Бұл оқиға 14 желтоқсанда Мәскеу-Барнаул бағытында ұшақ бортында болған. Ол мас болғандықтан, айналасындағы жолаушыларға тиісіп, шылым шегіп, ішімдік сұраған. Осы қылығы үшін әкімшілік жауапқа тартылып, бұзақылық жасағаны үшін айыппұл төлейтін болды. Барнаулдағы кәсіпқойлар арасындағы жекпе-жекті ұйымдастырушы M1 Global компаниясы Александрмен келісім-шартты үзді. 19 желтоқсан күні спортшы денсаулығына байланысты спорттағы ғұмырын аяқтады.

«Мен бұл қылығым үшін ақталғым келмейді. Адам болған соң, барлығының басында бір қателік болады. Спорт үшін қолдан келгеннің барлығын жасадым» дейді Александрдың өзі. 31 жастағы спортшы 27 рет шаршы алаңға шығып, соның 21-інде жеңіске жеткен. Соңғы рет американдық Джефф Монсонға қарсы өткізген кездесуінде жеңіліске ұшыраған болатын.

 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!