Жағажай волейболынан ұлттық құрама Испанияға аттанды

Фотография - Жағажай волейболынан ұлттық құрама Испанияға аттанды

Жағажай волейболынан ұлттық құрама мүшелері бүгін Алматыдан оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Тенерифке атанды.

133 0

Жағажай волейболынан ұлттық құрама мүшелері бүгін Алматыдан оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Тенерифке атанды.

Бас бапкер Денис Ровкин 29 наурызға дейін Испанияның Жағажай волейболы орталығында ерлер мен әйелдер құрамасының 1-2 нөмірлі үздіктерін жаңа маусымға әзірлемек.

ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Халықаралық волейбол федерациясының (FIVB) күнтізбесінде биыл «Әлемдік тур» кезеңдерінің саны  мен халықаралық турнирді өткізетін елдердің ауқымы өткен жылға қарағанда айтарлықтай ұлғайып отыр.

Жалпы Әлемдік тур кезеңдері 2 дәрежеге жіктеледі. Олар - жүлдесі мен рейтингтік ұпайлары  қомақты «Гранд Слэм» мен Ореn жарыстары. Ал, 1-7 шілде күндері Польшада өтетін Әлем чемпионатына қатысушылар үшін «Грэнд Слэм» кезеңдерінің рейтингтік ұпайлары шешуші рөл атқаратын болады. Қазір әлемдік рейтингте қазақстандықтардан  Алексей Сидоренко мен  Александр Дьяченко жұбы - 19-шы, Дмитрий Яковлев пен  Алексей Кулешов - 63-ші, ал Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова 38-ші сатыда тұр.

Олар өз көрсеткіштерін 23-28 сәуірде Қытайдың Фучжоу қаласында өтетін Әлемдік турдың Ореn кезеңінде жақсартуға күш салатын болады. Оған дейін 9-11 сәуір мен 14-16 сәуірде Тайландта өтетін «KHANOM OPEN» және «SAMILA OPEN» Азиялық турларында, сондай-ақ  30 сәуір мен 5 мамыр аралығында Қытайдың Шанхзай қаласында болатын «Гранд Слэм» кезеңінде бақтарын сынап көрмек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!