Екі бразилиялық ақыры «қазақ» болды

Фотография - Екі бразилиялық ақыры «қазақ» болды

«Қайрат» шағын футбол клубында өнер көрсететін бразилиялық ойыншылар Игита мен Живаға Қазақстан Республикасының азаматтығы берілді

123 0

«Қайрат» шағын футбол клубында өнер көрсететін бразилиялық ойыншылар Игита мен Живаға Қазақстан Республикасының азаматтығы берілді. Енді олар футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғай алады. Бұл туралы бізге аталмыш клубтың президенті Қайрат Оразбеков мәлімдеді.

– Әлі ешкімге бұл туралы тіс жармаған едім. Күні кеше ғана Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Игита мен Живаға Қазақстан азаматтығын берді. Енді олар ұлттық құрамамыздың намысын қорғайтын болады. Жалпы, қақпа мен қорғаныс шебін күшейткіміз келіп еді, бұл жақсы жаңалық болды. Сондай-ақ Лео Сантанаға да ұсыныс тастаған болатынбыз. Бірақ ол өзінің деңгейін біледі. Сондықтан әзірге Қазақстан азамат­тығын қабылдауға келісімін бермей жүр. Бір жағынан, оны да түсінуге болады. Лео Сантана Бразилия ұлттық құрамасынан да үміткер. Ал Игита қақпада Ресейдің азаматтығын алған Густаводан кем тұрмайды. Екеуінің ойын мәнері бірдей. Кезінде біз Густавоға да ұсыныс жасап, ол келісімін берген болатын. Бірақ ол кезде министрлік бразилиялық бұл ойыншыға Қазақстан азаматтығын бермей қойды. Сол-ақ екен, оны ресейліктер өзіне тартып алды. Қазір ол Ресейде айына 15 мың доллар жалақы алады, - деп жауап берді Қайрат Айтмолдаұлы.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!