Ақтөбе облысының құрамасы допты хоккейден ел чемпионы атанды

Фотография - Ақтөбе облысының құрамасы допты хоккейден ел чемпионы атанды

Бүгінде спорттың 10 түрінен мектеп және колледж оқушыларының VI қысқы спартакиадасы өтіп жатыр.

224 0

Бүгінде спорттың 10 түрінен мектеп және колледж оқушыларының VI қысқы спартакиадасы өтіп жатыр.


Қызылжар қаласының «Қарасай» мұзайдындағы допты хоккейден ел чемпионы мен жүлдегерлері анықталды. Негізінен Хромтау қаласының жасөспірімдерінен құрылған Ақтөбе облысының допты хоккейшілері қарсыластарының бәрін жапыра ұтып және мұзайдын иелерімен тең ойын көрсетіп, чемпионат кубогын елдеріне алып кетті. Күміс жүлдеге солтүстікқазақстандықтар, қолаға шығысқазақстандықтар ие болды.

Ал Астана қаласындағы «Алау» сарайында өткен конькишілер жарысында Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының желаяқтары сәйкесінше жүлделерге ие болды.

Жақын күндері шайбалы хоккейден, шаңғы жарысынан және президенттік көпсайыстан жүлдегерлер анықталады.

 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!