Ширек финалға шыққан алғашқы командалар анықталды

Фотография - Ширек финалға шыққан алғашқы командалар анықталды

Чемпиондар лигасының ширек финалына алғашқы болып «Реал» мен «Боруссия» шықты

206 0

Чемпиондар лигасының ширек финалына алғашқы болып «Реал» мен «Боруссия» шықты. 

Футбол сүйер қауым тағатсыздана күткен, Арсен Венгер «финалға дейінгі финалға» балаған ойын атақты «Олд Траффордта» болды. Ағылшынның «Манчестр Юнайтед» командасы Мадридтік «Реалды» қабылдады. Өз алаңында 1-1 есебімен тең тарқасқан «Реалға»  келесі кезеңге өту үшін қалай да гол соғу керек еді. Ойынның алғашқы бөлігінде испандықтар бұл тапсырманы орындай алмады.Матчта голдың болмағаны «Манчестр Юнайтедқа» қол еді. Екінші тайм басталысымен команда капитаны Серхио Рамос өз қақпасына гол соғып алған соң манчестірліктер өзін келесі кезеңнен көргендей болған. Алайда олар алаңда төрешінің бар екенін ұмытты. Кездесуге қазылық еткен түрік төрешісі Джюнейт Чакыр жоқ жерден алаң қожайындарының ойыншысы Наниді алаңнан қуды. Бір ойыншы басымдылығына ие болған  «Реал» ойын тізгінін біржола қолға алып, жауапсыз қос гол соғып,  келесі кезең жолдамасын қоржынға басты.

«МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД»– «РЕАЛ» 1:2 (0:0).

Манчестр. «Олд Траффорд» алаңы. Төреші:Джунейт Шакыр (Түркия).

Голдар: Серхио Рамос өз қақпасына (1:0), Лука Модрич 66 (1:1), Криштиану Роналду 68 (1:2).

«МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД»: Давид Де Хеа, Рафаэль 87 (Антонио Валенсия), Рио Фердинанд, Неманья Видич, Патрис Эвра, Том Клеверли 73 (Уэйн Руни), Майкл Кэррик, Луиш Нани, Дэнни Уэлбек 81 (Эшли Янг), Райан Гиггз, Робин Ван Перси.

«РЕАЛ»:Диего Лопес, Альваро Арбелоа 59 (Лука Модрич), Серхио Рамос, Рафаэль Варан, Фабио Коэнтрау, Сами Хедира, Хаби Алонсо, Анхель Ди Мария 45+1 (Кака), Месут Өзіл 71 (Пепе), Криштиану Роналду, Гонсало Игуаин.

Алаңнан қуылды: Луиш Нани 56 (МЮ).

 

Немістер өз алаңында Украинаның «Шахтер» командасын тас талқан етіп жеңді.

«БОРУССИЯ ДОРТМУНД» (Германия) – «ШАХТЕР» (Украина). 3:0 (2:0).

Дортмунд. «Сигнал Идуна Парк» алаңы. Бас қазы: Дамир Скомина (Словения).

Голдар:Фелипе Сантана 31 (1:0), Марио Гетце 37 (2:0), Якуб Блашиковски 59 (3:0).

«БОРУССИЯ ДОРТМУНД»:Роман Вайденфеллер, Лукаш Пишек, Невен Суботич, Фелипе Сантана, Марсель Шмельцер, Севен Бендер 46 (Себастьян Кель), Илкай Гюндоган 82 (Нури Шахин), Якуб Блашиковски 70 (Кевин Гросскройтц), Марио Гетце, Марко Ройс, Роберт Левандовски.

«ШАХТЕР»:Андрей Пятов, Дарио Срна, Ярослав Ракицкий, Александр Кучер, Рэзван Рац, Фернандиньо, Томаш Хюбшман 82 (Тарас Степаненко), Алекс Тейшейра, Генрих Мхитарян, Тайсон 46 (Дуглас Коста), Луис Адриано.


 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!