Қазақстандық альпинист Солтүстік Америкадағы жаңартау шыңын бағындырды

Фотография - Қазақстандық альпинист Солтүстік Америкадағы жаңартау шыңын бағындырды

Қазақстандық альпинист алғаш рет Солтүстік Америкадағы Орисаба жанартау шыңын бағындырған.

528 0

Қазақстандық альпинист алғаш рет Солтүстік Америкадағы Орисаба жанартау шыңын бағындырған.

Орисаба (теңіз деңгейінен 5700 метр биіктікте) Мексикадағы Пуэбла-де-Сарагоса қаласының маңында орналасқан.  Жанартау шыңын бағындыру «Жеті құрылықтағы жеті жанартау» бағдарламасы аясында жүргізілді. Бүгінде экспедиция аяқталды, альпинист көп ұзамай елге оралады.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың ақпан айында осы бағдарлама аясында Гундарев Қазақстан альпинисттерінен басып озып, алғаш рет  Оңтүстік Америкада орналасқан Охос Дель Саладо (6893 метр) жанартау шыңын бағындыран еді. Бүгінде «Жеті құрылықтағы жеті жанартау» бағдарламасы шеңберінде қазақстандық азамат әлімдегі ең ірі жеті жанартаудың  төртеуінің шыңына көтерілген. Олар Еуропадағы Эльбрус, Африкадағы Килиманджаро, Оңтүстік Америкадағы Охос Дель Саладо және Солтүстік Америкадағы Орисаба жанартаулары.


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!