Шестаков - "Қайраттың" жаңа маусымдағы капитаны

Фотография - Шестаков - "Қайраттың" жаңа маусымдағы капитаны

Ішкі біріншіліктің жаңа маусымы алдында "Қайрат" ФК клубына жаңа капитан тағайындалды

302 0

Ішкі біріншіліктің жаңа маусымы алдында "Қайрат" ФК клубына жаңа капитан тағайындалды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында мәлім болып отыр.

Қазақстан ішкі біріншілігінің жаңа маусымында "Қайрат" командасы мен талдықорғандық "Жетісу" клубы арасындағы ойында алматылықтардың бас капитаны болып жартылай қорғаушы Кирилл Шестаков қызмет атқармақ. Айта отырсақ, Шестаков 2011 жылы Өскеменнің "Восток" командасынан ауысып келген-тұғын.

"Дауыс беріп жатып капитан анықтау болмады, - деп Вайсс айта келе, - біз бұл шешімді команда басшылығы бірге отырып ақылдастық. Іс барысында Кирилді таңдадық" - деп қорытындылайды.

Өздеріңіз білетіндей, өткен маусымда "Қайрат" командасында капитандық қызметті бастапқы уақытта серб ойыншысы Неманья Йованович атқарса, кейінгі ойындарда қорғаушы Илья Воротниковтың иелегіне өткен болатын. Қос футболшы да клуб сапында қазір өнер көрсетпейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!