Волейболдан әйелдер арасында ел чемпионатының 4-ші туры бүгін басталады

Фотография - Волейболдан әйелдер арасында ел чемпионатының 4-ші туры бүгін басталады

Астанада 7-12 наурыз күндері волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 4-ші туры өтеді.

193 0

Астанада 7-12 наурыз күндері волейболдан Жоғары лиганың «Б» тобындағы әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 4-ші туры өтеді.

Бұған дейін 13-18 қараша мен 13-18 желтоқсан күндері Алматыда және 12-17 ақпанда Астанада өткен турларда Алматы қаласының «Алматиночка-Алматы» командасы қарсылас шақ келтірмей, бәрін де ұтқан болатын. Қазір олар 15 ойыннан кейін 44 ұпаймен турнир кестесінде  қара үзіп кетті. Одан кейінгі орындарда Оңтүстік Қазақстан облысының  «Қазығұрт» ( 31 ұпай), Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш и К» (27 ұпай), Алматы облысының «Жетісу-2» (15 ұпай), Астана қаласының «Оқушылар сарайы» (14 ұпай) және Алматы қаласының «ЦСКА-ВКС-КазАСТ» (4 ұпай) командалары келе жатыр.

Елордадағы бұл бәсекеде алғашқы күні Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстары,  Алматы қаласының қос командасы және астаналықтар мен  Солтүстік Қазақстан облысының волейболшылары кездеспек.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!