Аstana Pro Team велошабандозы А.Гривко 3 кезеңнің қорытындысы бойынша 2 орынға көтерілді

Фотография - Аstana Pro Team велошабандозы А.Гривко  3 кезеңнің қорытындысы бойынша 2 орынға көтерілді

Аstana Pro Team велошабандозы  Андрей Гривко  Париж-Ницца көпкүндігінің 3 кезеңінде мәреге үздіктер қатарында келіп, жеңіске таласты.

193 0

Аstana Pro Team велошабандозы  Андрей Гривко  Париж-Ницца көпкүндігінің 3 кезеңінде мәреге үздіктер қатарында келіп, жеңіске таласты.

Алайда жаңбырдың астында өткен кезеңнің шешуші сәтінде, алда келе жатқан шабандоздар оның шабуылға көшуіне мүмкіндік берген жоқ. Бірақ кезең қорытындысымен ол жалпы есепте екінші орынға көтерілді, деп хабарлады команданың ресми сайты.

Топтық және жекелей сында Украина чемпионы А.Гривко  Chatel-Guyon  қаласында басталған  жарысқа жақсы көңіл-күймен шыққан және өзінің жалпы есептегі көрсеткішін жақсартып, жеңімпазға тиесілі жейдеге таласуға мүмкіндігінің зор екендігін де жасырған жоқ еді.

«Гривко алдындағы шабандоздарды қуып жету мақсатында  соңғы таудан төмен түсуде шабуылға көшті. Ауа-райының қолайсыздығы да біршама қиындықтар туғызды. Жарыс алдындағы жиында Гривко өзінің жеңіс үшін таласуға дайын екенін айтқан болатын, сондықтан ұзындығы 2,5 шақырым болатын соңғы көтерілуде Максим Иглинскийдің шабуылы нәтижесінде біршама абдырап қалған бәсекелестерінің жағдайын ұтымды пайдаланып, алға ұзап шықты» ,- деді Astana Pro Team спорттық директоры Дмитрий Фофонов.

 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!