Astana Pro Team Париж-Ницца жарысында 1 орында

Фотография - Astana Pro Team Париж-Ницца жарысында 1 орында

Astana Pro Team велошабандозы Максим Иглинский Париж-Ницца  көпкүндігінің бейсенбілік 4-ші кезеңінің соңғы шақырымында  мәреге екінші болып келді.

198 0

Astana Pro Team велошабандозы Максим Иглинский Париж-Ницца  көпкүндігінің бейсенбілік 4-ші кезеңінің соңғы шақырымында  мәреге екінші болып келді, ал оның командаласы Энрико Гаспароттоға бұйырғаны - 4-ші орын.  Команданың тағы бір велошабандозы Якоб Фульсанг  асқазаны ауырып, жарыстан шығып қалды, деп хабарлады команданың ресми сайты.

Қазақстандық М.Иглинский 200 шақырымға созылған бұл кезең шахмат партиясындағы айла-тәсілден кем түспейтіндей таласты өтіп, төменге қарай құлдилаған 30 велошабандоздың арасындағы теке-тіреспен аяқталғанын айтты.

«Мәреде мен, Гривко және Гаспа үшеуміз болатынбыз. Төменге түсу кезінде қарсыластардың топтан сытылып кетуіне жол бермеу үшін алдыңғы позицияда болдық. Гривко бірінші шабуылға көшіп, алдағы топтың ұзап кетуіне тосқауыл жасады. Біз алға шыққан сәтте Гривко маған шабуылға көш деп белгі беріп, мәреге 350 метр қалғанда спринтті бастадым. Бірақ жарыс нәтижесін саралай келе, бұл әрекетті тым ерте бастағанымызды түсіндік, менің ізін аңдыған Альбазини алдымды орап, жеңіске жетті. Мен бүгін өзімді жақсы сезіндім, сондықтан бұл кезеңде жеңіске жететінімізге нық сенімді болдық», - деді М.Иглинский

Швейцарлық Микаэль Альбазини кезең жеңімпазы атанса, бірінші топпен  мәре сызығын кескен Андрей Гривко жалпы есепте екінші орнын сақтап қалды, Сондай-ақ Astana Pro Team командалық есепте бірінші орында.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!