Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталады

Фотография - Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты басталады

Бүгін футболдан ХХІІ Қазақстан чемпионатының пердесі түріледі

214 0

Бүгін футболдан ХХІІ Қазақстан чемпионатының пердесі түріледі. Ел біріншілігінің премьер-лигасындағы 12 команда еліміздің алты қаласында биылғы маусымдағы алғашқы ойындарын өткізеді, деп хабарлайды alasharena.kz спорт порталы.

Биыл премьер-лигада 12 команда додаға түседі. 2013 жылғы ел чемпионаты екі кезеңге бөлініп өткізіледі. Оның бірінші бөлігінде 12 команда екі айналымдық жүйемен (үйде және түзде) 22 ойыннан өткізеді.

Бірінші айналым 18 мамыр күні аяқталып, екінші айналым 22 мамырда басталады. Екінші айналым, яғни ел чемпионатының бірінші бөлігі 4 тамыз күні тамамдалады.

Бұдан кейін осы екі айналымдағы ойындардың қорытындыы бойынша 12 команда екі топқа жіктеледі. 1-6 орын алған командалар жүлделі орындарды сарапқа салады да, 7-12 орын алған коман­далар өзара додаға түседі.

Ел біріншілігінің екінші кезеңі де екі айналымдық жүйемен өтеді. Мұнда әрбір алтылықтағы командалар үйде және түзде жүйесімен 10 ойыннан өткізеді.

Ел чемпионатының екінші жартысын барлық командалар бірінші кезеңдегі жинаған ұпайларының тең жартысымен ғана бастайды. Мысалы, бір команда ел чемпионатының бірінші жартысында 50 ұпай жинаса, сол команда екінші кезеңді 25 ұпаймен бастайды. Ал егер қайсыбір команда 49 ұпай жинаса, ол да екінші кезеңді 25 ұпаймен бастайды. Себебі тақ санды ұпайларды екіге бөлгенде, олар артық жағына қарай дөңгелетіледі.

Ел чемпионатының екінші бөлігінде 7-12 орындар сарапқа салынатын топта ойнап, соңғы орынға табан тіреген ко­манда келесі жылы бірінші топта өнер көрсететін болады.

Ал осы алтылықта 11-орынға ие болған команда бірінші лигада екінші орын алған клубпен кездесіп, 2014 жылы премьер-лигада ойнауға құ­қық беретін бір жолдамаға (орынға) таласады.

Ел чемпионатының екі кезеңінде де жеңіске жеткен командаға үш ұпай беріледі де, ал тең аяқталған ойында екі команда бір ұпайдан бөліседі.

Сонымен, 2013 жылғы ел чем­пио­натының бірінші туры 9 наурызда еліміздің алты қаласында өтеді:

I тур 9 наурыз (сенбі)

«Ақжайық» (Орал) - «Шахтер» (Қарағанды)

«Восток» (Өскемен) - «Ақтөбе» (Ақтөбе)

«Ордабасы» (Шымкент) - «Ертіс» (Павлодар)

«Қайрат» (Алматы) - «Жетісу» (Талдықорған)

«Тобыл» (Қостанай) - «Астана» (Астана)

«Тараз» (Тараз) - «Атырау» (Атырау)


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!