Қазақстан құрамасы шахматтан әлем чемпионатында Түркия командасын ұтты

Фотография - Қазақстан құрамасы шахматтан әлем чемпионатында Түркия командасын ұтты

Астанада өтіп жатқан әлемдік командалық біріншіліктің алтыншы турында шахматтан Қазақстанның әйелдер командасы Түркия командасын ұтты.

109 0

Астанада өтіп жатқан әлемдік командалық біріншіліктің алтыншы турында шахматтан Қазақстанның әйелдер командасы Түркия командасын ұтты, деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстандық шахматшылар түріктермен сайыста бірде-бір рет ұтылған жоқ. Гүлісхан Нақбаева мен Динара Сәдуақасова жақсы жеңістерге қол жеткізді. Гүлмира Дәулетова мен Мәдина Дәулетбаева өздерінің ойындарын тең аяқтады - қорытынды есеп 3:1 есебімен біздің қыздардың пайдасында.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан 10,5 ұпайға ие болды.

Шахмат. Әлемдік командалық чемпионат. Әйелдер. Алтыншы тур. Астана (Қазақстан):

Қазақстан - Түркия - 3:1

Гүлісхан Нақбаева - Бетюль Кемре Йылдыз - 1:0;

Гүлмира Дәулетова - Кубра Озтюрк - 0,5:0,5;

Динара Сәдуақасова - Карделен Кемхан - 1:0;

Мәдина Дәулетбаева - Эмель Кайя - 0,5:0,5.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!