Полторанин Әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Фотография - Полторанин Әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Алексей Полторанин 15 шақырымдық қашықтықты екінші болып аяқтады.

303 0

Шаңғы спортынан Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің 13-ші кезеңінде қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин 15 шақырымдық қашықтықты екінші болып аяқтады.

Алтын медаль норвегиялық Петтер Нортугтың еншісінде. Отандасымыз одан 31,7 секундқа қалып қойды. Айта кетейік, Полтораниннің бұл «сүйікті» қашықтығы. Жарыс жолын сәтті бастаған ол бел ортаға келгенде бес бірдей қарсыласын алдына жіберіп қойған. Дегенмен, соңғы минуттарда көшбасшылар қатарына қосыла білді.

Мәре сызығына бірнеше метр қалған кезде күміс жүлде үшін Полторанин тағы бір норвегиялық шаңғышы Йонсруду Сандбимен таласты. Сәтін салғанда, отандасымыз қолда тұрған жүлдені алақанынан шығарып алған жоқ.

Қазақстандық өзге шаңғышылардың нәтижелері мынадай: Николай Чеботько – 20 орын, Евгений Величко – 34 орын, Марк Старостин – 60 орын.


Тегтер:

полторанин

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!