Полторанин спринтте «күміс» иеленді

Фотография - Полторанин спринтте «күміс» иеленді

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин норвегиялық Драмменде Әлем кубогының 14-ші кезеңінің аясында өткен классикалық стильмен жеке спринтте күміс жүлдегер болды.

162 0

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин норвегиялық Драмменде Әлем кубогының 14-ші кезеңінің аясында өткен классикалық стильмен жеке спринтте күміс жүлдегер болды.

Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы норвегиялық шаңғышы Петтер Нортуг болды. Полторанин Нортугтан 2,1 секундқа қалып қойды. Үшінші болып ресейлік Никита Крюков келді.

Жартылай финалға дейін жеткен Қазақстанның тағы бір өкілі Николай Чебатько нәтижесінде оныншы болды.

Әйелдер спринтінде жеңіске норвегиялық шаңғышылар Хейди Венг пен Ингвильд Эстбергті озған поляк спортшысы Юстина Ковальчик қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Полторанин үш күн бұрын ғана 15 шақырымдық жарыста күміс жүлдегер атанған болатын. 

Шаңғы жарысы. Әлем кубогы. Драммен (Норвегия).

Ерлер. Спринт. Финал:

1. Петтер Нортуг (Норвегия) - 2:45,0;

2. Алексей Полторанин (Қазақстан) +2,1;

3. Никита Крюков (Ресей) +4,9;

4. Йон Кристиан Даль (Норвегия) +6,2;

5. Эйстейн Петтерсен (Норвегия) +7,7;

6. Джанлука Колонья (Швейцария) +11,9.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!