5 боксшымыз жартылай финалда

Фотография - 5 боксшымыз жартылай финалда

Бұл күндері Филиппиннің Субик-Бей қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтуде

238 0

Бұл күндері Филиппиннің Субик-Бей қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтуде. Қазақстан бокс федерациясы баспаөсз қызметінің хабарлауынша, бес қазақ боксшысы жартылай финалға жолдама алған.

Атап айтар болсақ, 56 келідегі Қанат Көптілеуов ширек финалда қытай боксшысын  24:13 есебімен тізе бүктірген. Енді Қанат жартылай финалда өзбек боксшысы Нұрсұлтан Нысанбаевпен қолғап түйістіреді.

69 келі салмақтағы Айтжан Шілеев финалға жолдама беретін айқаста қырғызстандық Әбду-Саид Масиумовпен жұдырықтасады.

75 келі салмақтағы серкеміз Тұрсынбай Құлахмет жасөспірімдер арасындағы Қытайдың екі дүркін чемпионы Занг Жонглоумен жартылай финалдағы жұпты құрады.

81 келідегі  Әділет  Орынбасаров АИБА туының астында сынға түсетін Абхишек Биневалмен шаршы алаңға шығады.

91 келідегі Айбек Ерметовтың жартылай финалдағы қарсыласы - үндістандық Амритприт Сингх.

Өкінішке қарай, Жалғас Сейдахан (49 келі), Сағындық Молдашев (52 келі), Асхат Нәметкәрім (60 келі), Тимур Пірназаров (64 келі) және аса ауыр салмақтағы Дастан Құрманбетовтер жартылай финалға жете алған жоқ.

Қазақстан құрамасы сапынан  Азия чемпионатының жартылай финалына 5 боксшы шықса, Өзбектсанның  7 боксшысы медальға ілігетін болды. Себебі, көршілердің сонша боксшысы жартылай финалға жолдама алған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!