«Снежные барсы» плей-оффқа іліккен жоқ

Фотография - «Снежные барсы» плей-оффқа іліккен жоқ

«Снежные барсы» клубы биыл Жастар хок­кей лигасында екінші маусым сынға түсті. Өкінішке қарай, «Барыстың» ізба­сар­лары былтыр да, биыл да плей-офф до­дасына ілік­кен жоқ

194 0

«Снежные барсы» клубы биыл Жастар хок­кей лигасында екінші маусым сынға түсті. Өкінішке қарай, «Барыстың» ізба­сар­лары былтыр да, биыл да плей-офф до­дасына ілік­кен жоқ. 

Былтыр Жастар хок­кей ли­га­сын­дағы 33 команданың ара­сында 60 ойын өткізіп, 88 ұпаймен 17-орынға ие бол­ған. Яғни плей-оффқа сынық сүйем жет­пей сүрінген болатын.

Плей-офф до­да­сының бірінші сатысында 16 команда бақ сынап, «Снежные барсы» клубының 16-орындағы командадан екі ұпа­йы ғана кем болған-ды.

Биыл «Снежные барсы» Жастар хок­кей ли­гасының «Шығыс» конфе­рен­циясында 60 ойын өткізіп, 58 ұпаймен 12-орынға та­бан тіреді. Ал плей-оффқа ал­ғашқы се­гіздікке іліккен командалар шықты.

Өткен маусымда плей-оффқа ілікпей қалған ко­­ман­далар арасында плей-аут додасы ұйым­­дастырылған болатын. «Снежные бар­­сы» сол додада 72 матчтан жинаған 103 ұпайымен екінші орынға ие болған еді (мұнда ЖХЛ-дың алғашқы кезеңіндегі ойын­­дары есепке алынып, ұпайлары сақ­тал­ған-ды).

Биыл мұндай дода, яғни плей-аут ойындары өтпейтін болды. Мұны осы лиганың директоры Дми­трий Ефимов: «Басқарма жи­на­лысында ко­мандалардың басшыларының ба­сым көп­шілігі плей-аут додасын өткізуді қол­да­май, қарсы дауыс берді», – деп түсіндірді.

Қосарымыз, командалардың плей-аут дода­сынан бас тартулары түсінікті. Себебі бұл лигада біріншіліктің негізгі бөлігі мен плей-офф додасына қатысатын коман­да­лардың ұшақпен тасымалдау шығынын лига тө­лейді екен.

Ал плей-аут додасында әр ко­манда барлық шығынды өзі төлеуі керек. Сон­дықтан плей-оффқа ілікпей қал­ған командалар ақша үнемдеу мақ­са­тында плей-аут додасынан бас тартты.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!