«Барселона» жанкүйері «Реал» жанкүйерінің басын кесіп алды

Фотография - «Барселона» жанкүйері «Реал» жанкүйерінің басын кесіп алды

Ирактың Аль-Мадаин қаласының тұрғыны өзінің танысын өлтіріп, кейін жұрт алдында мәйіттің басын кесіп алған. Қайғылы оқиғаға себеп болған жайт – олардың бірі испандық «Барселонаның», екіншісі «Реалдың» жанкүйерлері екен

182 0

Ирактың Аль-Мадаин қаласының тұрғыны өзінің танысын өлтіріп, кейін жұрт алдында мәйіттің басын кесіп алған. Қайғылы оқиғаға себеп болған жайт – олардың бірі испандық «Барселонаның», екіншісі «Реалдың» жанкүйерлері екен.

Испанияның EFE агенттігі хабарлағандай, қанды оқиға 11 наурыз күні орын алған. Белгісіз жайттарға байланысты екі азамат өзара ерегісіп, оның соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан «Барселона» жанкүйері пышағын алып, халық алдында қолын қанға малыпты.

Досының басын кесіп жатқан сәтте шошыған жұрт оның қолына жармасып, дереу тәртіп сақшыларын шақырған. Жергілікті полицей қылмыскерді қамауға алды.

Айта кетейік, бұл испандық командалар жанкүйерлерінің алғашқы қақтығысы емес. Бұған дейін де футбол көрермендері арасында бірнеше төбелес орын алып, жанкүйерлер түрлі жарақаттар алған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!