Қазақстандық паралимпиадашылар жүзуден Әлем чемпионатында 9 алтын, 11 күміс, 3 қола еншіледі

Фотография - Қазақстандық паралимпиадашылар жүзуден Әлем чемпионатында 9 алтын, 11 күміс, 3 қола еншіледі

 8-10 наурызда Эсбьерг қаласында өткен Danish Open-2013 халықаралық турнирінде қазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізді.

174 0

 8-10 наурызда Эсбьерг қаласында өткен Danish Open-2013 халықаралық турнирінде қазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Канадада өтетін әлем чемпионатына іріктеу болып табылатын турнирге 10 елдің мықты спортшылары қатысты.  

Астана қаласы ресми сайтының хабарлауынша, қазақстандық командада 6 атлет болса, олардың үшеуі елордалық «Қайсар» клубының тәрбиеленушілері. Балалар барлығы 23 медальге ие болды. Олардың 9-ы алтын, 11-і күміс, 3-еуі қола медаль.

Сонымен қатар, іріктеу кезеңінің барлық нормативтерін орындаған астаналық Әнуар Ахметов пен Жамбыл облысының өкілі Зульфия Ғабидуллина  әлем чемпионатына жолдама  алды.

Көзінен мүгедек 20 жасар Әнуар Ахметов бірнеше жыл қатарынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Бұл жолы ол 4 алтын, 3 күміс медаль еншіледі.  

«Қайсар» клубының тағы бір өкілі Михаил Еременко S-6 санатында (СПОДА) шалқалай жүзуде 100 метрлік қашықтықта 2 рет екінші болып келді. Осы санатта жарыс жолына шыққан Сиязбек Дәлиев қола жүлдегер атанды.

Астана қаласындағы «Қайсар» спорт клубының аға жаттықтырушысы, жүзуден ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Владимир Загороднийдің айтуынша,  турнирде бәсекелестік өте үлкен болған. Сондықтан бұл медальдарға біздің спортшылар бар күші мен ынта-жігерлерін сарқа қол жеткізген. «Бәсекелестердің барлығы Параолимпиада ойындарының жүлдегерлері болды. Соған қарамастан біздің спортшылар жоғары шеберлік көрсетіп, алға шықты», - дейді Владимир Кириллович.  


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!